Гостиницы в Алматы
2017-06-27 17:14:45 36 0

Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15 КО) келесі кездесуін 21 шілде күні АҚШ-та өткізеді. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Отандасымыздың қарсыласы 29 жастағы Бруно Леонардо Ромэй. Аргентиналық боксшы осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, оның 21-де жеңіске жетсе, 18 кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген. Ромэй соңғы рет жеңілістің кермек дәмін 2015 жылдың мамыр айында Райан Янгтен ұпай бойынша татқан.

 

Пікір жазу