Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық фильмінің режиссері, облыстық Мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «САҚ» киностудиясының белгілі сценаристі, режиссер Батырхан Дәуренбековке кинофестивальге белсене қатысып, балалар киносының дамуына ықпал жасағаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының арнайы жүлдесі мен «Алғыс хаты» салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.
Фестиваль бағдарламасында Қазақстан, Франция, Нидерланд, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузия және т.б. елдердің шығармашылық топтарының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, «Бес құрлық» балалар кинофестивалінің ашылу салтанатына «Оскар», «Алтын глобус» сынды кино өнеріндегі беделді сыйлықтардың иегері, америкалық актер, продюсер, кинорежиссер Николас Кейдж қатысты.