Гостиницы в Алматы
2017-09-11 16:30:24 13 0

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатының «Қайрат» — «Қайсар» ойынының алдында жұртшылыққа жаңа Кубокты таныстырды. Бұл жайында Qsport.kz порталы хабарлады.

Көпшілікке ұйымдастырылған фотосессияға қарапайым жанкүйерлерден бөлек, Құралбек Ордабаев және Михаил Гурман секілді қазақ футболының ардегерлері қатысты.

ҚКФЛ Кубоктың жаңа нұсқасын 14 қазанда болатын финалдық ойынның алдында көпшілікке алғаш рет таныстырды.

Айта кетейік, алдағы сенбіде, 16 қыркүйекте, жаңа Кубок өзінің саяхатын жалғастырып, ат басын Атырауға тірейді. Атырауда ойын күні жергілікті жанкүйерлерге кубокпен суретке түсуге мүмкіндік болады.  Бұл шара Қазақстан Чемпионатының 27 тур «Атырау» — «Ақтөбе» ойынына екі сағат қалғанда басталады.

Пікір жазу