Гостиницы в Алматы
2016-12-02 17:59:32 193 0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "ЖұлдызFM" радиосына берген сұхбатында Абай Құнанбайұлың скрипка ойнаудан хабары болғанын айтты деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Құнанбай аға сұлтан ғана емес, ағартушы да болған. Абай, Шәкірім, Ақылбай т. б айналасындағы балалары мен туыстарына, скрипкашы маманын шақыртып, оқытқан. Абай жас кезінде скрипкада ойнаған», – дейді А. Мұхамедиұлы.

Бұған дейін Абайдың үлкен ұлы Ақылбайдың сауықшыл, әнші, скрипкашы болғаны баспасөз беттерінде жазылған еді.

 

 

 

Пікір жазу