Гостиницы в Алматы
2017-01-04 11:08:53 86 0

50 жастағы америкалық әнші, алты рет "Грэмми" сыйлығының иегері, поп-музыка королі Майкл Джексонның қарындасы Джанет Джексон 3 қаңтар күні сәбилі болды деп хабарлайды Lenta.ru.

Сәбидің әкесі ретінде катарлық кәсіпкер Виссам әл-Мана. Оның компаниясы Парсы шығанағы елдеріне люкс-киімдер сатумен айналысады.

Бізге белгілі ақпарат бойынша, Джанет Джексон және Виссам әл-Мана тұңғыш сәбиінің дүниеге келгеніне өте қуанышты екен.

Джанет Джексон 2016 жылы халықаралық турне өткізді. Қазан айында оның аяғы ауыр екені белгілі болды. Әнші турне аяқталған соң өзін отбасылық өмірге арнайтынын айтқан еді.

Джанет Джексон 1966 жылы дүниеге келген Майкл Джексонның қарындасы. Ол жеті жасында үлкен сахнада өнер көрсетті. Араға тоғыз жыл салып, A&M компаниясымен келісім-шартқа қол қойып, әншілік карьерасын бастаған. Billboard журналы Джанет Джексонды әлемде альбомы көп сатылатын әншілер қатарына қосқан.

 

 

 

Пікір жазу