Әнші өзінің ойдан шығарылған қылмысқа қатысының бар екенін білген кезде төбелес шығарды. Бұл уақытта полицейлер оны бөлімшеге алып кетпек болған еді. Артынша "Келесі кім?" бағдарламасының өкілі әншіге болған оқиғаның әзіл екенін түсіндірді.
Дастан Оразбековты "Жетінші арна" түсірілімге шақырады. Сценарийіне сәйкес ол ресепшнде бір күн бойы жұмыс істеуі тиіс. Сол кезде ресепшнге белгісіз жігіт келіп, қонақүйде бір қыздың мәйітін көргенін айтады. Оқиға орнына жеткен полицейлер Дастан Оразбековты куәгер ретінде тұтқындайды.
Бөлімшеге бармайтынын айтқан әнші төбелес шығарады. Оқиғаның ұшығып бара жатқанын түсінген жүргізуші Дастан Оразбековке бар шындықты айтып береді. Дастан өзінің “Келесі кім?” бағдарламасына тап болғанын түсініп, полицей рөлін сомдаған актерлермен татуласты.