Осыдан 3 жыл бұрын, Астана 2012 жылы 23-қарашада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуді жеңіп алған болатын. Бұл жағымды жаңалық Парижде өткен EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болған еді. 161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша, Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.Осы мерекеге орай және алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне тосынсый ретінде еліміздің танымал әншілер Қайрат Баекенов, Ғалымжан Молданазар және Серік Ибрагимов тыңдарманға ерекше тарту жасады. Олар көрермен көңілінен шыққан «Қош бол», «Жаяу», «Махаббат» атты өздерінің хит әндерін бір жерде орындап, ерекше клип түсірді. Клипке әншілерден бөлек тәуелсіздігіміздің жемісі Елордамыз Астана қаласының 200 ден астам тұрғыны түскен. Олар ән ырғағына сай бір уақытта брдей билеп, флешмоб ұйымдастырған. Бейнеклипті ғаламтор желілерінде 1 күнде мыңнан астам көрермен тамашалаған. Аталмыш туынды желілерде кеңінен таралып, қолданушылардың ықыласына бөленуде.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS