Жаңалықтар

Жұлдыздар мерекеге тосын сый жасады

Осыдан 3 жыл бұрын, Астана 2012 жылы 23-қарашада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуді жеңіп алған болатын. Бұл жағымды жаңалық Парижде өткен EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болған еді. 161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша, Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.Осы мерекеге орай және алда келе жатқан Тәуелсіздік күніне тосынсый ретінде еліміздің танымал әншілер Қайрат Баекенов, Ғалымжан Молданазар және Серік Ибрагимов тыңдарманға ерекше тарту жасады. Олар көрермен көңілінен шыққан «Қош бол», «Жаяу», «Махаббат» атты өздерінің хит әндерін бір жерде орындап, ерекше клип түсірді. Клипке әншілерден бөлек тәуелсіздігіміздің жемісі Елордамыз Астана қаласының 200 ден астам тұрғыны түскен. Олар ән ырғағына сай бір уақытта брдей билеп, флешмоб ұйымдастырған. Бейнеклипті ғаламтор желілерінде 1 күнде мыңнан астам көрермен тамашалаған. Аталмыш туынды желілерде кеңінен таралып, қолданушылардың ықыласына бөленуде.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

b4d215062fe39d50d4812ae4c0b99f00

Головкин ESPN рейтингіне наразылығын білдірді

125 рет оқылды03.12.2015
photo_22764

Айтыс ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енді

60 рет оқылды03.12.2015
60574dacd13d9b1a5241641d79c54cdb_cropped_630x350

2015 жылдың үздік фильмі мен үздік әртістері анықталды

79 рет оқылды03.12.2015
20151203114231

Ауыр атлетикадан әлем чемпионына Қызылордадан пәтер берілді

51 рет оқылды03.12.2015
champ

Меруерт Сүлейменова кір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды

32 рет оқылды03.12.2015
cG_c0foUxZY_1

Бекболат Тілеухан ұлды болды

1 155 рет оқылды02.12.2015