Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы драма театры жаңа қойлым ұсынады. «Шырмауық» деп аталатын спектакльдің премьеарасы 12 желтоқсан күні өтеді.
Қойылым Б.Рамазан жазған пьеса негізінде сахналанған. «Шырмауық» көрерменге теріс бағыттағы діни ұйымдардың құрсуына кеткен жастардың өмірін көрсете отырып, теріс ағамыдардың үгіт-нәсихатынан сақтануға шақырады. Әлеуметтің басты проблемасына айналған тақырып қозғалатындықтан, театр ұжымы спектакльге «екі перделі әлеуметтік драма» деген анықтама беріп отыр.
Спектакльдің қоюшы режиссері Әкелеев Сахан Долдиұлы, қоюшы суретшісі Алдабергенов Данияр Рахымбекұлы.
Teatrlife.kz ақпарат

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS