WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин отбасымен Отанына ұшып келді. Ол ең соңғы рет қараша айында елде болған. Бұл жолы Қарағандыдағы туыстарына қыдырып келді. Бұл жайлы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы хабарлады деп жазды Vesti.kz.
Бірақ, елдің сүйікті спортшысының келгеніне халықтың барлығы қуанбаған секілді. «Астана» халықаралық әуежайының қызметкері Головкинді VIP-зал арқылы өткізбей, жұрт алдында жанжал туғызған.
«Головкин ақысын төлемей тұрып, зал арқылы өте алмайды. Себебі ол шенеунік немесе оның отбасының мүшесі емес», — деп қызметкерлер өтуіне қарсылық білдірген. Жиналған халық бұған келіспеген. Олар Қазақстанның имиджін шетелге танытып жүрген спортшыға көрсетілген осындай қарым-қатынасқа наразылықтарын білдірді.
«Сонымен қатар, тиісті төлем жасау үшін кассаға өтуге тыйым салынды. Сондықтан төлемді қолма-қол жасауға, яғни қызметкер арқылы төлеуге тура келді. Ол талабын орындатып, арнайы чекті әкеліп берді. Кейіннен сол қызметкерлер VIP-залда GGG-мен фотосессия ұйымдастырды», — деп топта жазған.
Айта кету керек, Головкин мен канадалық Давид Лемьенің кездесуі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарланып отыр.





Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS