Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Берік Шаихов «Ертіске» ауысты.
Шаихов бразилиялық «Оле Бразил» академиясында білім алған. Ол футболды алғаш астаналық «Бәйтерек» командасында бастады. Клуб құрамында 50 ойынға қатысып, 6 рет доп соққан. Кейіннен талдықорғандық «Жетісуда» ойыншысы атанды.
Қазақстан құрамасымен бірінші рет 2014 жылы Франция командасына қарсы кездесуде алаңға шықты.
2014 жылы Түркияда «Астанамен» келісімшартқа қол қойып, алдыңғы маусымды клубпен бірге өткізді.
Енді ресми түрде «Ертістің» ойыншысы.





Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS