Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан XXXVILL дүниежүзілік жазғы Универсиада ойындарында стенд атудан Қазақстан қыздар құрамасы қола медаль иеленді.
Қазақстандық спортшылар 191 ұпай жинады. Алтынды 196 ұпаймен Чехия құрамасы, ал күмісті 195 ұпаймен Ресей спортшылары алды.
Универсиадаға 95 спортшымен қатысып жатқан еліміз 3 медальмен жалпы есепте 22-орында тұр.
Айта кетсек, қоржынымызға әзірге жалғыз алтын медаль түсті. Оның иесі — жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин. 100 метрге брасс әдісімен жүзген ол 59,96 секунд нәтиже көрсетіп, қарсыластырын қапы қалдырды. Ал қола жүлдені дзюдошы қызымыз Жанар Қашқын еншіленді. 70 кг дейінгі салмақта сынға түскен ол үшінші орын үшін белдесуде Бразилия спортшысы Аманда Оливейраны жеңді.
Естеріңізге сала кетсек, жазғы Универсиада 14 шілдеде аяқталады.




Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS