Жаңалықтар

Әлия Назарбаева Ақан Сатаевтың фильміне продюсер болды

Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен қолға алынған фильмнің соңғы эпизодтары түсіріліп, монтаждау кезеңі басталды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне «Оралу» («Дорога к матери») фильмінің режиссері Ақан Сатаев хабарлады.

Соңғы түсірілім күні алаңға фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева келді.

«Бұл фильм арқылы қазақ халқының бастан кешкен ауыр кезеңдерін көрсетеміз. Осының арқасында жастардың патриоттық сезімін күшейте түсеміз деп сенемін. Енді монтаждау кезеңі желтоқсан айына дейін жалғасатын болады. Барша таспагерлерге, сценарий авторына, барлық актерлерге үлкен алғыс білдіремін», — деді Әлия Назарбаева.

Соңғы эпизодтар Алматы облысына қарасты Шамалған ауылында түсірілді. Негізінен фильм Алматы қаласында және облысында, Белоруссияның Минск қаласында түсірілген.

Толықметражды фильмге 500-ден астам актер қатысқан. Олардың қатарында танымал әртіс Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Еркебұлан Дайыров, Алтынай Нөгербек, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов сынды елдің жүрегінен орын алған азаматтар бар.

Фильмнің желісінде қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешірген күрделі тарихи кезеңдері көрсетіледі. Атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, жұт, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі бейнетті жылдар көрсетіледі.

Фильмде осы оқиғалардың барлығы Ілияс есімді жігіттің өмірімен байланыстырыла отырып, сол кездегі қоғамның мәселелерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

nur.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_54015

Бокстан əлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

54 рет оқылды11.07.2015
603fdbf6750e57deea464d4821e6b628

«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек

155 рет оқылды10.07.2015
загруженное-15

Бейбіт Шүменов WBA бойынша ТОП-15 рейтингінде көш бастап тұр

273 рет оқылды10.07.2015
1430266307us3xy-620x400

Батырхан Шүкеновтың баласы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне барды

495 рет оқылды10.07.2015
61EWSDTBVP8

Ринат Зайытов: «Менің құдай берген жалғыз мемлекетім бар!»

808 рет оқылды10.07.2015
1594

Жамбыл облысының әкімі Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік кілтін тапсырды

351 рет оқылды10.07.2015