Жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік кілтін тапсырды

Жамбылдық балуан Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы» турнирінде екінші рет еліміздің ең үздік балуаны атанғаны белгілі. Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өткен сайысқа еліміздің мықты деген 32 балуаны қатысқан болатын.

Ақтық кезеңдегі тартысты күресте Бейбіт Ыстыбаев қызылордалық Руслан Әбдіразақовты айқын басымдылықпен ұтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  жеңімпазға өз қолымен алтын тайтұяқ пен 150 мың АҚШ долларының түбіртегін табыстады.

Бүгін Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Бейбіт Ыстыбаевты кезекті жеңісімен құттықтады.
Облыс әкімі балуанның ұлттық спорт түрін дамытуға қосып жатқан салмақты үлесін атап өтіп, алдағы уақытта да спорттық табыстарға жетуіне тілектестік білдіріп, балуанға жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Ал жеңімпаздың бапкеріне ақшалай сыйлық берілді.

20150709165136

61e45eebb59601d594ce0a47d74f3479

632e0101b14752771d11e30767c57fea

675b0b745b8db616f165e32d67e1372b_L

 

www.zhambyl.gov.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_54015

Бокстан əлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

54 рет оқылды11.07.2015
603fdbf6750e57deea464d4821e6b628

«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек

155 рет оқылды10.07.2015
загруженное-15

Бейбіт Шүменов WBA бойынша ТОП-15 рейтингінде көш бастап тұр

273 рет оқылды10.07.2015
1430266307us3xy-620x400

Батырхан Шүкеновтың баласы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне барды

496 рет оқылды10.07.2015
61EWSDTBVP8

Ринат Зайытов: «Менің құдай берген жалғыз мемлекетім бар!»

808 рет оқылды10.07.2015
unnamed (1)

«Bala Turkvizyon Қазақстан» байқауында Алматы қаласының намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды

147 рет оқылды10.07.2015