Кино & театр

«Рэкетир» фильмінің актері арықтаудың сырымен бөлісті

Көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин таяу уақытта арықтауының құпиясын ашпақшы. Бұл мәліметті ол өзінің Facebook парақшасы арқылы хабарлап отыр.

 

Бисембин әлеуметтік желіге өзінің екі суретін салған. Бірінде оның салмағы 158 келі тартса, екіншісінде 95 келі тартатын кезі түсірілген.

«Менің трансформациям. Сол жақта 158 келі, оң жақта 95 келі. Осындай салмаққа жету үшін мен көп еңбектендім. Таяу арада осындай нәтижеге қалай жеткенім туралы кез-келген адамға сұхбат беруге дайынмын , «- деп жазады актер.

Өзінің айтуынша, мұндай нәтижеге ол екі жыл ішінде қол жеткізіпті.

pogudxdkn2gab74mm.ba7d6845

Айта кетейік, Мұрат Бисембин ресейлік «Параграф78» фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» және «Ағайынды» фильмдерінде басты ролдерді сомдап, көрермендер арасында танымалдылыққа ие болды.

Әсіресе, ол «Рэкетир» фильміндегі басты кейіпкер Русланның ролін сәтті сомдағаннан кейін көпшіліктің ықыласына бөлене білді.

Мұрат Бисембин актерліктен бөлек түрлі спорт түрлерімен, атап айьқанда: бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен шұғылданады. Оның негізгі мамандығы – инженер-электрик. Алайда, алып денесінің арқасында кино әлеміне келіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап шықты.

Ақпарат: BAQ.KZ

Пікір жазыңыз
Кино & театр
323 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

88b00bfee714b34133ba0f1156f06937

Астанада «Сахнадан сәлем!» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді

79 рет оқылды23.06.2015
00000000000000000000000000000000000000000

«Рэкетир» фильмнің жұлдызы жанкүйерлерін жанұясымен таныстырды

1 505 рет оқылды11.06.2015
f378995c841875e1afce0156013

Мәдениет министрі қазақты масқара ететін фильмдерді атады

1 376 рет оқылды07.06.2015
cats1

«Аманат» фильмінің тұсауы кесілді

414 рет оқылды31.05.2015
IMG_1217

«Рэкетир-2″ фильмінің пресс-конференциясынан үзінді (ВИДЕО)

752 рет оқылды26.05.2015
IMG_1162

Ақан Сатаев, Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Максим Акбаров «Рэкетир 2″ фильмінің тұсаукесерінде

1 183 рет оқылды25.05.2015