Кино & театр

Астанада «Сахнадан сәлем!» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді

Астанада «Сахнадан сәлем!» атты ІІІ халықаралық театр фестивалі өтеді. Фестиваль елордамыздың туған күні қарсаңында ұйымдастырылмақ. Оған қандай театрлар қатысатындығы туралы Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мәлім етті.

 88b00bfee714b34133ba0f1156f06937

«Бұл театр әлеміндегі өте маңызды шара. Оған Қазақстан, Ресей мен Грузияның театрлары үздік қойылымдарымен қатысатын болады. Ескере кететін жайт, Астананың 17 жылдығы аталған театр фестивалінен басталмақ»,- деді ол.

Жыл өткен сайын фестиваль масштабы кеңейіп, қызығушылық танытқан елдер мен қалалар қатары артып келеді. Биыл «Сахнаға сәлем!»-ге қазақстандық көрермендерге үздік қойылымдарын ұсынатын 12 театр қатыспақ.

Фестиваль шымылды Мәскеу Губерн театрының «Сирано де Бержерак» атты атақты қойылымы ашады. Жетекшісі — Ресейдің танымал актері Сергей Безруков.
7d725428d6dcde561a54ea5a7001fb8d 58f409655a6e0594775cd4479b414579

Оған қоса фестиваль шеңберінде Астанада А.Грибоедов атындағы Грузиялық Тбилиси мемлекеттік-академиялық орыс драма театры өнер көрсетеді. М. Горький атындағы мемлекеттік-академиялық  орыс драма театрының сахнасында олар Л.Толстойдың  «Холстомер. История лошади» қойлымын сомдайды. Сондай-ақ бұл тізімде «Ревизор» музыкалық фантазиясымен Н.Сац атындағы Алматы жасөспірімдері театры да бар.

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

pogudxdkn2gab74mm.ba7d6845

«Рэкетир» фильмінің актері арықтаудың сырымен бөлісті

322 рет оқылды23.06.2015
00000000000000000000000000000000000000000

«Рэкетир» фильмнің жұлдызы жанкүйерлерін жанұясымен таныстырды

1 505 рет оқылды11.06.2015
f378995c841875e1afce0156013

Мәдениет министрі қазақты масқара ететін фильмдерді атады

1 375 рет оқылды07.06.2015
cats1

«Аманат» фильмінің тұсауы кесілді

414 рет оқылды31.05.2015
IMG_1217

«Рэкетир-2″ фильмінің пресс-конференциясынан үзінді (ВИДЕО)

752 рет оқылды26.05.2015
IMG_1162

Ақан Сатаев, Баян Есентаева, Әсел Сағатова, Максим Акбаров «Рэкетир 2″ фильмінің тұсаукесерінде

1 183 рет оқылды25.05.2015