Шоу-бизнес

«Bala Turkvizyon Қазақстан» байқауының жартылай финалында Ақтөбе облысының намысын қорғайтын жеңімпаз анықталды

       Ақтөбе қаласында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Bala Turkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі өткізіліп, аймақтық жеңімпазы анықталды.  Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры ұсынып отырған байқаудың мақсаты — қазақстандық жастардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету.

       Ақтөбе аймағы Ұлттық іріктеу өткен оныншы аймақ болды. Жеңімпаз «Bala Turkvizyon-Қазақстан»  Ұлттық іріктеуінің 16-17 қыркүйек күндері Астанада өтетін жартылай финалына жолдама алады.

       18 шілде күні жалпы байқауға қатысушы өнерпаздардың саны 1500-ге жетті. Әр аймақ өз ерекшелігімен есте қалды.  Ақтөбелік өнерпаздар байқауға шығармашылық жағынан жақсы дайындалғандарын көрсетті. Олар әртүрлі бағыттағы, қазақ, қытай, ағылшын, орыс, түрік, украин және итальян тілдеріндегі әндер топтамасын орындады. Ақтөбе облысынан үздікті анықтауға тәлімгер әрі жеңімпаздың болашақ продюсері Нұрболат Абдуллин өзімен бірге танымал сазгер Павел Ли мен әнші Жасұлан Жанұзақовты  ала келді.  Дәстүр бойынша барлық жас өрендер тіркелуден кейін флешмобқа қатысып, күнделіктің түсіріліміне атсалысып, әншілермен бірге би билеп, бірге көңіл көтере білді.

         Балаларға әрқашан қолдау көрсететін  ата-аналар мен ата-әжелер де назардан тыс қалған жоқ. Абай Елубай іріктеуге қызы Жұлдызды алып келді. Ол он жаста. Кәсіби түрде вокалмен айналыспайды, өзі үйде дайындалады. «Қазақстанда осындай байқаулар көп болса екен. Өйткені, біздің қазақстандық балалар өте дарынды, ақылды, қолдарынан барлығы келеді. «Bala Turkvizyon» – біз үшін нағыз мереке. Міне, біз таңертеңнен осындамыз. Телевизиялық түсірілімдерге қатысып, ойын ойнап, би билеп, ән салдық. Балалар шаршаған жоқ. Олар көп тәжірибе жинап, күш-қуат алуда. Әлі шаршаған жоқ.Осылай балаларымыздың қалай әртіс болып кеткенін байқамай да қаламыз»

     Жазира Абдраманова іріктеуге қызы Ақмерейді алып келді. Жазира да әнші, термеші. Кішкентай қыз анасынан дәстүрлі әнмен бірге эстрадалық, джаз бағытындағы әндерді үйренді. Ақмерей – теледидардың кішкентай жарық жұлдызы болып үлгерді. Ол жергілікті телеарнада балаларға арналған «Кел, балалар, оқылық!» бағдарламасын жүргізеді. «Менің үш балам бар, мен өнерлі қызымның өсуіне қолымнан келгенше қолдау көрсетемін. Мен Ақмерейдің өзін сахнада еркін ұстап үйренгенін қалаймын. «Bala Turvizyon» байқауы балалардың ашылуына, өздерін жұлдыз ретінде ұстауына мүмкіндік береді. Бұл деген керемет!»

        Қазылар алқасы аймақтық іріктеудің жеңімпазы деп, бір ауыздан,  ерекше көзге түскен, 12 жасар дарынды бала Сатиев Рахман деп шешті.  Ауылда жаңа мектеп салынып жатқан кезде, баланың жаңадан келген ұстазы Балагүл апай шәкіртінің әнге деген қабілетін бірден байқап, ата-анасына Рахманды ән үйірмесіне беруді сұрайды. Содан, әнші бала Ақтөбедегі музыкалық мектептің вокал сыныбына түседі. Бір жылдың ішінде Рахман бірнеше қалалық және республикалық байқаулардың Гран-при иегері атанып үлгерді. Бұл жетістігіне қарап, мектеп басшылығы дарын иесін бірінші сыныптан үшінші сыныпқа ауыстыруды жөн көрді. Одан бөлек жеңімпаз басқа балалар сияқты футбол ойнауды жақсы көреді. Сурет салу және қолөнермен де кәсіби түрде айналысады. Бірақ, бала танымал  музыкант болғысы келеді және ата-анасы да бұл ойын құптайды. Тамыз айының ортасында Рахман Сатиев Алматыға «Жұлдызды үйге» жол тартады. Тәлімгерімен екі апталық дайындықтан кейін, өзіне арнайы жазылған жаңа әнді байқаудың жартылай финалында орындайды.

unnamed (4)

unnamed (5)

unnamed (6)

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

d57wdMoRiUo

Жұрт назарындағы бес бойдақ

809 рет оқылды19.07.2015
QWbGSPyBDYE

«Ви Алемдік» Жалын үйленді

2 157 рет оқылды19.07.2015
tdJ6mg3Gayg

Өмірқұл Айниязов бір апаттан аман қалды

1 102 рет оқылды19.07.2015
WQv2BQqHuuM

Сайлаубек жарнамаға түсті

1 021 рет оқылды19.07.2015
0g2vjM5jn6A

Бағым Мұхитденова: «Біз Ақботаның топтан кеткенін қалаған жоқпыз»

2 072 рет оқылды17.07.2015
LN_GNbSa6qU

Әнші Ринат Малцагов үйленеді

1 670 рет оқылды17.07.2015