26 жастағы боксшы осы уақытқа дейін біраз жетістіктерге жетті. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының және 2011, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы.

- Сіз полиция лейтенантысыз, боксқа қалай келдіңіз?
- Әкем мені 12 жасымда боксқа берген, қазір 26-ға келдім және осы уақытқа дейін бокс менің ең басты қызығушылығым болып келеді. Полиция қызметкері болған себебім, сол кездерде біздің көп жігіттерге ұсыныс түскен болатын. Мен ұсынысты қабылдадым. Менің ойымша, спортшылар құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге лайықты сияқты.
- Сіздің екі қарындасыңыз бен ағаңыз бар, олар сіздің спортпен айналысқаныңызға қалай қарайды?
- Қарындастарым мені теледидардан көрмейді. Олар әлі кішкентай. Өздерінің балалық тірліктері бар. Далада ойнап жүреді. Бірақ үнемі мені қолдайды және мен де олар үшін бәріне дайынмын. Үлкен ағам Батырбек бұрын боксшы болған. Үйленгеннен кейін спортты тастады. Ол да мені жақсы түсінеді, қолдайды, жеңісімді тілейді.
- Шет елде қаншалықты көп демаласыз? Қай ел демалған ұнады
- Біз жылына екі рет демаламыз. Соңғы рет құрамамызбен Түркияда болдық. Сонымен қатар, көп елдерге жиі барып тұрамыз. Маған Лас Вегасқа барған кезіміз қатты ұнады. Амарикандықтардың дәстүрі мен татулығы ұнады. Олардың боксты ерекше бағалайды, бар күштерімен дайындалады.
- Қаншалықты жиі көшеде сізден қолтаңба сұрап жатады?
- Өте жиі. Қолтаңба сұрап жатқан жайғдайда үнемі тоқтап, суретке түсіп қолтаңбамды беремін. Мұндай ілтипат маған ұнайды. Журналистер де жиі хабарласа бастады. Мен үнемі бос уақытым барда әңгімелесуге немесе сұхбаттасуға дайынмын. Алайда өзімді танымал жұлдыз санамаймын, себебі әлі мансап жолымды аяқтамадым. Мен әзірге жай ғана спортшымын.


- Бокс болмағанда спорттың қай түрімен шұғылданар едіңіз?
- Сүйікті ойыным футболмен айналысар едім. Алайда өзімді спорттан өзге мамандықтан көре алмаймын.
- Белгілі бір жетістіктеріңізбен мақтана аласыз ба?
- 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуымды айта аламын. Ресейлік босшымен финалда жұдырықтасқанмын. 15:15 есебімен финалды аяқтаған болатынбыз. Өкінішке орай, төреші жеңісті қарсыласыма берді. Мен төрешінің шешіміне қарсы шықпаймын, дегенмен, жеңілдім деп ойламаймын. Бұл финалдық ойын менің есімде мәңгі қалады. Себебі, бұл ойынға мен бар күшімді салдым. Тағы бір мақтанышым, 2014 жылы Азия ойындарында Корейлік боксшымен финалға шыққанмын. Бұл ойында жеңіске жетіп, алтын медальға ие болдым.


- Көпшілік сіздің шетелде оқып жатқан сүйген қызыңыз бар дейді. Бұл қаншалықты рас?
- Жоқ, бұл жалған ақпарат. Менің әзірге сүйген қызым жоқ. Біз үнемі дайындықтарда, жекпе-жектерде жүреміз, бар уақытымыз тек спорт деумен өтеді. Шыны керек, жеке өміріме тіпті уақыт жоқ. Ең көп уақыт үйде демалғаным бір апта ғана шығар. Мақтанғаным емес, алайда маған көп қыздар танысу үшін жазып жатады. Алайда, ешбірімен танысып көрмеппін. Менің болашақ сүйген қызым көрікті, ақылды, жарына құлақ асатын қыз болуы керек. Шамамен бір жылдан соң мен отбасылы болғым келеді. Кезекті Олимпиададан кейін жеке өмірімді қолға аламын. Ағам секілді мен де отбасын құрғаннан соң спорттық мансабымды тастаймын дегім келеді. Әзірге ештеңе нақты айта алмаймын, алда Олимпиада.
http://www.kfb.kz/ сайтынан аударылып алынды.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS