Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына орай елдің барлық өңірі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған этноауылда болды.

Алаңға 50 киіз үй тігіліп, концерттік сахналар, жарыс өткізетін спорт алаңқайлары орнатылған. Мемлекет басшысы елорда тұрғындарымен және қала қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, мереке «Қазақ елі» монументі алдындағы облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруінен басталды. Ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға жиналған барша қауымды бүгінгі айтулы күнмен құттықтады.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі тоймен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі мереке ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым етіп, ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отыр», — деді ол.

Этноауылда республикамыздың әр өңірі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына театрландырылған көрініс, үздік хореографиялық ұжымдардың, этнографиялық ансамбльдердің, эстрада әртістерінің қатысуымен мәдени бағдарламалар ұсынып жатыр. Сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері ұйымдастырылды.


© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
179 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

e9aa80bc3420f965caf68dc3eca18534

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

122 рет оқылды12.09.2015
20150912131800

Елбасы ғарышкер Айдын Айымбетовті Астана әуежайында қарсы алды

393 рет оқылды12.09.2015
photo_20562

Айдын Айымбетов Жерге оралды

455 рет оқылды12.09.2015
69c13f6b6c43e04ea902ae696566c4c2

Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Австралия құрамасын жеңді

170 рет оқылды30.08.2015
e7ad9c73a9cd28c362ee62ddceee9c39

Максим Раков екінші кездесуінде жеңілді

125 рет оқылды29.08.2015
Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

1 471 рет оқылды26.08.2015