Сән & дизайн

«Алматы аруы — 2015″ байқауының жеңімпазы анықталды

Бүгін  «Алматы аруы — 2015″ байқауының финалы  өтті.

Байқау нәтижесі бойынша Регина Вальтер «Алматы аруы» титулын иеленіп, жеңімпаз атанды. Енді ол «Дүниежүзі аруы» байқауында еліміздің намысын қорғайды. Сонымен қатар, тағы бес сұлу «Қазақстан аруы» байқауына қатысу мүмкіндігін алды. Кейіннен «Қазақстан аруы» атанған қыз «Әлем аруына» барады.

 Айта кетейік, ақтық финалда 12 ару бақ сынады. Қыздар кешкі және дизайнерлік көйлектер киіп шықты. Сонымен қатар, өз таланттарын паш етті.

Ең әдемі аруды әділ қазылар алқасы таңдады. Олардың құрамында Muzzone телеарнасының директоры Әділжан Садықов, «Қазақстан аруы» байқауының директоры Алена Қырбасова-Ривлина, мейрамхана иелері Мұхтар Жүнісов пен Александр Орлов, «Қазақстан аруы-2014″ Регина Вандышева, дизайнер Аида Қауменова, визажист Айнұр Рыспекова, фотограф Данил Олейник, шоумен әрі актер Нұртас Адамбаев, продюсер Баян Есентаева, балерина Сәуле Рахметова және скрипкашы Жәмила Серкебаева болды.

dvP7EZmqT0I (1)

UEuA49hjUgw

vKgIPqJHcrI

WnKSxSOC8C4

 

Пікір жазыңыз
Сән & дизайн
389 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

pxwlmowWsQM

Айдай Исаева ана атанды

788 рет оқылды15.09.2015
1441354316_foto-ruslana-kanabekova-11

«Алматы аруы — 2015″ байқауында бақ сынайтын 12 қатысушы анықталды

378 рет оқылды06.09.2015
photo_20082

Қазақстандық модель Айя Шалқар алғашқы топтамасын ұсынды

537 рет оқылды25.08.2015
lOvlbrYCV2o

Қазақстанның үздік дизайнерлері тәжірибе алмасу мақсатында АҚШ-қа барады

504 рет оқылды09.08.2015
photo_19634

Дүниежүзіндегі ең сұлу қыз Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті

1 250 рет оқылды08.08.2015
pxwlmowWsQM

Айдай Исаева “Әлем аруы” байқауына аяғы ауыр күйінде қатысқанын мойындады

2 544 рет оқылды08.08.2015