Әнші Нұрболат Абдуллин үйленеді деп хабарлайды Гакку арнасы.
Алтынбек Қоразбаев, Ақылбек Жеменей, Қанат Үмбетов тамызда Ақтөбе қаласына барып, «Жұлдыздар шашуы» атты концерт береді. Жаздағы гастрольге себеп — Нұрболат Абдуллиннің үйлену тойы. Жас әнші өнердегі ағаларының қолдауына сүйенеді.
Қаражат мәселесін реттеу үшін қазір жас әнші қарқынды жұмыс істеп жатыр. Алда ән сапармен еліміздің әр өңірін аралайды.
Әзірге тойдың қашан болатыны білгісіз және сері жігіттің жүрегін жаулаған ару жайлы мәлімет жоқ. Дегенмен, көп ұзамай білетін боламыз.







Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS