Кино & театр

«Шлагбаум» кинотуындысы отандық прокатқа шығады

Қазақстандық жас режиссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» кинотуындысы 8 қазан күні отандық прокатта көрсетіле бастайды.

Бұл фильм «Партизандық кино» қозғалысы аясын  да түсірілген болатын. Яғни, үш бастапқы қағида негізінде: бюджеттің болмауы немесе оның тым аз болуы, өзекті әлеуметтік аспект, шектелген реализм мен қарсылқ формасы.

Естеріңізге сала кетейік, аталған фильм осы жылдың маусым айында Мәскеуде өткен Халықаралық кинофестивальге қатысып, осы фильмдегі ойыны үшін актер Еркебұлан Дайыров «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын.

Ал, фильм режиссері Жасұлан Пошанов көпшілікке «Жел қызы» (2010 ж.), «Жұлдыздарға арналған коктейль-2» (2011 ж.) фильмдері мен «Сұңқар» (2013 ж.), «Күләш» (2013 ж.) сериалдары арқылы жақсы таныс.

«Шлагбаум» фильмінің сюжеті өмірде болған оқиға желісімен түсірілген. Бұл туынды қоғамда белең алған әлеуметтік мәселелерді көтереді.

Фильмдегі басты рөлдерді танымал актер Еркебұлан Дайыров, әнші, әрі актер Дидар Каден және Алдаберген Шалбаев сомдайды.

 

Пікір жазыңыз
Кино & театр
57 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

uIcVF3CVqYQ

Алматыда ХI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтуде

163 рет оқылды20.09.2015
2015-09-18 10.10.30

«Мың бала» əртістері Мүсірепов театрына не бере алады?

337 рет оқылды18.09.2015
Days of Kazakh cinema in Tallinn_657_438_95

Түркияда қазақ киносының күндері басталды

245 рет оқылды16.09.2015
Shiv and Anandi at their Sangeet Ceremony in Balika Vadhu

Сүйікті «Келін» қайта оралады

687 рет оқылды16.09.2015
1a8bedbfa675d5e5831f9b4206ce2790

Данагүл Темірсұлтанова: «Өз қолымен ашқан Түркістан театрына атамның аты берілсе, әділдік болар еді «

271 рет оқылды11.09.2015
blogImage_1369655746641_890950b89914fb596e54355804c55298_400_400

«ШӘКЕН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» I АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

180 рет оқылды09.09.2015