Кеше Алматыда ХI халықаралық «Еуразия» және І халықаралық «Шәкен жұлдызы» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Еуразия құрлығындағы ең үздік фильмді анықтайтын дәстүрлі кино мерекесі биыл «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс арасындағы үндестік» тақырыбына арналған.
Алматы жылдағы дәстүр бойынша шетелдік және отандық танымал актерларды қызыл кілем үстінде қарсы алды. Олардың ішінде ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, «Еуразия» КФ президенті Айман Мұсақожаева, Ресей әртісі Наталья Аринбасарова, кинофестивальдің бас директоры Рашид Нұғманов, қазылар алқасының төрағасы Абдеррахман Сиссако, режиссер Ақан Сатаев, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әсел Сағатова, Аружан Жазылбекова, шоумен Нұртас Адамбай және басқалар кештің құрметті қонағы болды.
Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арнайы келіп, ашылу салтанатында сөз сөйледі.
Биыл аталған байқау аясында «Ұлы Жібек жолы» тақырыбының 10 картинасы ұсынылады. Бақ сынайтын 10 киноның біреуі отандық өнім. Ол – Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі.
Ал бүгін кинофестивалдің бірінші күні арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер өтті және презентациялар таныстырылды. Айтулы шара алдағы 4 күн бойы жалғасын табады. Жабылу салтанаты 25 қыркүйекте болады.



















Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS