Кино & театр

«Мың бала» əртістері Мүсірепов театрына не бере алады?

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қазақ жастары арасында аса танымал актерлер Асылхан Төлепов мен Аян Өтепбергенді қатарға қосты. Жаңа маусымды жаңа басшымен бастағалы отырған театр жас актерлерге сенім артып отыр.

Белгілі сықақшы Сәбит Әбдіхалықов театр тізгінін ұстағалы көп бола қойған жоқ. Бұл да болса жаңа басшының театрға көрермен тартудағы бір жүрісі болса керек. Қазірдің өзінде Асылхан мен Аян — Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындалып жатқан М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэтикалық дастанының басты рөлдеріне бекітіліп үлгерді. Қойылымның премьерасы 14, 15-ші қазан күндері болады.

Аталған қос сардар — Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Бірнеше фильмге түскен. Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілік ықыласына бөленген қос актердың театр сахнасындағы өнерін алдағы уақытта көретін боламыз.

«Ұлт-ақпарат»

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

header_toperkebulan-dayyrov-poluchil-premiyu-mmkf-2-300x169

«Шлагбаум» кинотуындысы отандық прокатқа шығады

56 рет оқылды23.09.2015
uIcVF3CVqYQ

Алматыда ХI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтуде

163 рет оқылды20.09.2015
Days of Kazakh cinema in Tallinn_657_438_95

Түркияда қазақ киносының күндері басталды

245 рет оқылды16.09.2015
Shiv and Anandi at their Sangeet Ceremony in Balika Vadhu

Сүйікті «Келін» қайта оралады

687 рет оқылды16.09.2015
1a8bedbfa675d5e5831f9b4206ce2790

Данагүл Темірсұлтанова: «Өз қолымен ашқан Түркістан театрына атамның аты берілсе, әділдік болар еді «

271 рет оқылды11.09.2015
blogImage_1369655746641_890950b89914fb596e54355804c55298_400_400

«ШӘКЕН ЖҰЛДЫЗДАРЫ» I АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

180 рет оқылды09.09.2015