Отан үшін аянбай тер төккен азаматтардың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны анық. Тағдыр тәлкегіне ұшырап, жол апатынан көз жұмған жұлдыздар біздің мәңгі жадымызда.
Бекзат Саттарханов
2000 жылы желтоқсанның 31-і күні Сидней олимпиадасының чемпионы, боксшы Бекзат Саттарханов 20 жасында Оңтүстік Қазақстан облысы Темірлан ауылының маңында жол апатынан қайтыс болды.
Нәби Аймұратов
2009 жылы Нәби Аймұратов Қызылорда облысының Шиелі ауданынан Алматыға қарай әнсапардан қайтып келе жатқанда автокөлігінің рөліне ие бола алмай аударылып, апат салдарынан жарық дүниемен қош айтысты.
Руслан Бөлебай мен Бауыржан Бегимбетов
2009 жылы 16-шы шілдеде тележүргізуші, әнші Руслан Бөлебай мен “BR” тобының әншісі Бауыржан Бегимбетов көлік апаты салдарынан Руслан 24 жасында, Бауыржан 23 жасында қыршын кетеді.
Антон Самойлов
2014 жылы 10 қазан күні әнші Антон Самойлов 29 жасында сүйіктісімен бірге жол апатына түсіп, қайтыс болды.
Оразалы Досбосынов
Алматы облысы Шонжы ауылынан келе жатып көлікпен аударылған Оразалы Досбосынов 30-ға қараған шағында дүниеден озды.
Ажар Түзелбекқызы
2011 жылы 34 жасында Оразалы Досбосыновтың жары, әнші Ажар Түзелбекқызы да Алматы-Талдықорған жолында жол апатына ұшырап, ауруханада ажал құшады.
Мадина Ералиева
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мадина Ералиева 2000 жылы 27-ші қараша күні 46 жасында көлік апатына ұшырап, көз жұмды.
Ержан Серікбаев
2011 жылдың 26 қыркүйегінде әнші, сазгер Ержан Серікбаев 50 жасында қаза тапты. Әншіні Арыс қаласында көлік қағып кетеді.
=False
Бақытжан Жұмаділов
2010 жылы 4-і наурыз күні Қордай асуынан түсіп келе жатқанда «Дос-Мұқасан» тобының солистері Бақытжан Жұмаділов пен Досым Сүлеевтің көліктері аударылады. Оқиға орнында қайтыс болған Бақытжан Жұмаділов 63 жаста еді.

=FalseБақытжан Жұмаділов