Вашингтон қаласында (АҚШ) «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлады ҚР МСМ.
Джордж Вашингтон Университетінде ұйымдастырылған «тұсау кесу» рәсімінде ҚР Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Қайрат Омаров, Джордж Вашингтон Университеті Орталық Азия бағдарламасының директоры Марлен Ларуель және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет университетінің бас директоры Андрей Хазбулатов қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйледі.
Деректі фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих ағымында» кітабының негізінде түсірілген. Фильм режиссері – Бақыт Қайырбеков, жобаның атқарушы продюсері – Андрей Хазбулатов.
«Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» фильмі Қазақ хандығының құрылу тарихына арналған. Ол көне және орта ғасырлардағы Шығыс Азия мен Ұлы Жібек жолы, монғол шапқыншылығы мен әлемнің геосаяси бөлінуі, қазақ халқын жаулап алу тарихнамасы, Шыңғысхан мұрагерлерінің арасындағы талас, 1465 жылы алғашқы дербес Қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайды. Сонымен қатар кинофильмде Керей және Жәнібек, олардың ұлдары Қасым және Бұрындық билігі туралы жаңа деректері орын алған.
Айта кетейік, екі бөлімнің көрсетілімі ағылшын тілінде өтті. Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.




baq.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS