А.Шәрімовтың сөзіне қарағанда, қазір Лара Фабианмен келіссөздер жүріп жатыр екен.
"Бүгін бізде қуанышты жаңалық! Димаштың әнін ғаламтордан тыңдаған атақты әнші Лара Фабиан әдемі тілектерін білдірді. Димаштың дауысына таңқалысын жасырмай, кездесуге шақырды! Бұл бізге xабарласып, осы xабарды жеткізген әншінің сазгері Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуі:Флабиен: Қазақстандық мына әнші жігітті естіп көрдің бе?
Лара: Иа, таңқаларлық!
Флабиен: Оның дауыс мүмкіндігінің кеңдігі өте ғажайып!
Лара: Ән орындау шеберлігі өте биік деңгейде! Мықты дауыс!
Флабиен: Онымен кездессек қалай болады?
Лара: Неге кездеспеске
Келіссөздер жүргізілуде... P.S. WhatsApp жазбасы Флабиеннің рұқсатымен жарияланып отыр!" Алпамыс Шәрімов
Лара Фабиан - канадалық әнші, әлем және Еуропа жұлдызы. Сыншылар оның дауысына "періштенікіндей" деп баға берген.
Димаш Құдайбергенов 4 ақпан күні Қытайдың "Singer" жобасының үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. Жалпы есепте бірінші болып тұр.
28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған еді.
Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.
"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.