Шоу-бизнес

Жанар Даукеева: «Индира Расылханның бұл әнге еш қатысы жоқ»

Осыдан бір күн бұрын Индира Расылханның «Қоштасу» атты әніне байланысты үлкен дау туған болатын. Индира  әнін рүқсатсыз айтып, халыққа өзінің жаңа туындысы ретінде таныстырған жас әнші Жанар Дәукееваға өкпелі екенін хабарлаған еді. 

«Менің осы әнімді  рұқсатымсыз айтып жүргенін бүгін естіп, өзім таң қалдым. Сонда бізде әншінің қадірі қайда қалды деген ой қатты мазалап отыр. Айтылып қойған әннің арқасында танымал болғысы келіп жүрген ол — Жанар Даукеева. Арғы жағын өздеріңіз саралаңыздар», — деп әнші ренішін білдірді.

Осыдан кейін Жанар Дәукеева әнді ұрламағанын айтып, басқаша мәлімдеме жасады.

«Сабыр түбі-сары алтын» демекші үндемедім. Бірақ қояр емес. Қоштасу әнінің авторы: Бауыржан Өскенбеков. Мен орындаушымын, маған сатып алынып берілген ән. Индира Расылхан  бәрін таң қалдырды. «Жанар Даукеева менің әнімді ұрлап алыпты» деп  жария етіпті. Не үшін олай жасағанын түсінбедім. Кеше ғана екеуміз телефонмен сөйлестік, нөмірімді жақсы біледі. Шын мәнінде ұрласам, неге өзіме хабарласып айтпайды? Неге халықты алдап, мені балағаттайды елдің алдында? Әлде мені жас әнші деп басынғандары ма? Бұл әннің өз иесі бар. Индираның әні емес, оны өзі жақсы біліп тұр. Соған қарамастан мен өзім хабарластым. «Неге халықты шулатып жатырсыз? Жазғандарыңызды өшіріп, өзіміз шешейік» деп едім,  оған көнбеді. Соған қарағанда  Индираға пияр керек болған шығар. Ән маған «басында Индираға бергенбіз, бірақ ол дұрыс орындай алмады. Ән ешқайда таратылған жоқ, сен айт»  деп берілген. Менің орындауымдағы ән бәрінің көңілінен шыққан соң, әннің иесі маған берді. Индира Расылханнын еш қатысы жоқ бұл әнге. Неге мен әншіден руксат сұрауым керек? Мен олардың мұндай былықтарына араласпаймын», — деді Жанар Даукеева.

zm5z_-_VFqU (1)

o5DXKb2skl8

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

12320-6-eluge_kel_p_zhe_atandy_ru

Шахизада Байпатшанова: «Елуге келіп, әже атандым»

15 рет оқылды29.08.2015
f340fbf4e68bc7986a44079d212aa9d4 (1)

Дәстен Шәкіров: «Мен үшін махаббат түсініксіз дүние»

52 рет оқылды28.08.2015
kkG2YiAzAas (1)

Индираның әнін кім тартып алды?

68 рет оқылды27.08.2015
Безымянный-2

Жанар Дұғалова мен Кәмшат Жолдыбаева Баян Есентаевадан кеттi ме?

126 рет оқылды26.08.2015
_3LWvBpDHXw

Шахизада әже болды

146 рет оқылды22.08.2015
-18iEzFYhi8

Арман Ашаға сырға салды

182 рет оқылды22.08.2015