Бұл туралы Баян мен Тұрсынғали Wedding four seasons журналына берген сұхбатында айтқан. Сұхбаттың алғашқы бетін желіде Айдана Асқар есімді қолданушы жариялады.
Тойдың қашан болатыны жайлы сұраққа Алагөзов: “Жүзік тағып жүрміз. Той өткізетін де ойымыз бар. Әрі бүкіл елмен бірге дүркіретіп тойламақпыз. 1000 адам шақыру ойымызда бар, қазір соған сәйкес келетіндей зал іздеп жатырмыз. Оған дайындық аз уақытты талап етпейді. Сондықтан да көктемге жоспарлаған тойымызды күзге қалдырдық. Ал жазда достарымыз жан-жаққа кетіп қалады. Сондықтан, тойымыз күзге қалдырылды”, – десе, ал Баян Мақсатқызы: “Әрине, екінші рет тойыңды күту – ол бір қызық сезім. Бірақ біздің жасымыз 18-де емес. Үш метрге созылатын шлейф пен фата киетін ойым жоқ. Барлығы қарапайым, бірақ әдемі түрде болады”, –деп сыр тарқатты.