Кино & театр

«Қазақстан» телеарнасындағы «Келін» телехикаясының көрсетілімі аяқталды

«Қазақстан» телеарнасы отандық телекөрсетілімінің рейтингті хикаяларының бірі — «Келін» үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде қорытынды эпизоды көрсетілді.

Бір жарым мың серияға татитын «Келін» хикаясының әсерлі сюжеті өзіне мыңдаған қазақстандықтардың назарын баурап та үлгерді. Олардың барлығы дерлік фильмнің кейіпкерлерімен бірге күн сайын махаббаттың, өкініштің, сатқындыкқтың және шын-шытырманның куәсі болды.

Өздері сүйіп үлгерген актерлерінің Қазақстанға келуін асыға күтетін. 2014 жылы «Қазақстан» РТРК арнайы шақыруымен Астанаға Ананди ролінің сомдаушысы-Авика Гор келсе, үстіміздегі жылы Астанада «Келін» хикаясындағы Шив — Сиддхарт Шукланың келуі фурормен өтті десе де болады. Қос актер де мыңдаған адамнан құралған фанаттарымен кездесіп үлгерді.

Ал, 5 тамызда «Қазақстан» телеарнасында «Жүрегім сізге аманат» филиппин драмасының премьерасы болады. Ол отбасылық оқиғаларға, отбасылық құндылықтарға мән беретін, тартымды махаббат хикаяларын жақсы көретін қазақстандық көрермендерге қызықты болмақ.

Телехикая өз Отанындағы ең үздіктерінің бірі болып табылады. Ол 2012 жылы Филиппинде көрсетілген кезде оның рейтингі алдына жан салған жоқ! Сериалдың азиялық фестивальдар мен конкурстардан алған оннан аса наградалары бар, көптеген фан-клубтар құрылған. Оны Вьетнам мен Малайзия көріп үлгерген.

 100 сериялы «Жүрегім сізге аманат телехикаясы – өзі стюардесса болуды армандаған және өз отбасына көмектескісі келген Майя есімді қарапайым қыздың өз арманына жету үшін  үлкен қалаға кету жөнінде шешім қабылдағандығы туралы оқиға. Бірақ Манилаға жеткен кезде Майя шетелден жұмыс тауып беруге уәде еткен әйелдің оны алдағандығын біледі және ол үлкен қалада ақшасыз және баспанасыз қалады. Оның ең соңғы үміті – жағдайы жақсы және қоғамда ықпалы бар бай Ричард болады. Оның үш «проблемалық» баласының бақыты оның әйелінің кетуімен мәңгілікке жоғалған сияқты болып көрінеді. Ауыл қызының жақсылыққа ынтасы мен мейірбандылығы «салқын» үйге жылылық әкеледі және отбасының берекесін кіргізуге көмектеседі.

unnamed (11)

unnamed (9)

unnamed (10)

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

9993c91212d8525eda8b13b638732628

Елбасы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысты

300 рет оқылды12.08.2015
1439271051hp8ok-560x310

Енді Елбасының рөлін Берік Айтжанов сомдайды

408 рет оқылды12.08.2015
thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

263 рет оқылды09.08.2015
thumb_700x394_9ed14ba3f9a8668be9b2f5d60d3f8611

Вашингтонда «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

106 рет оқылды09.08.2015
11249-212-_rnek_ru

Бекболат Тілеухан «Құнанбай» фильміне баға берді

362 рет оқылды07.08.2015
OfnpBTOusFA (1)

«Тақиялы періште-2» фильмі Алматы облысында түсіріліп жатыр

295 рет оқылды03.08.2015