Спорт

Әлем чемпионаты – 2015. Азамат Мұқанов жарыстан шығып қалды

Дзюдодан Әлем чемпионатының екінші күнінде ерлер (66 келі) мен қыздар (52 келі) сынға түсуде.

Кеше палуандарымыз үшін сәтті күн болды. 60 келідегі Елдос Сметов Әлем чемпионы атанса, осы салмақтағы тағы бір қазақстандық спортшы Рустам Ыбраев чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, қыздарымыз жүлделі орынға іліге алмады.

Чемпионаттың екінші күні жерлестеріміз үшін сәтсіз басталды. Дзюдодан Ұлттық құраманың капитаны 66 келідегі Азамат Мұқановты төрешілер франциялық спортшыға ережеге сай емес әдіс қолданды деп жарыстан шеттеті.

Енді 66 келіде ел намысын Елдос Жұмаханов қорғайтын болады.

Сонымен қатар, қыздар арасында 52 келіде Ленария Мингазова мен Олеся Куценко қатысуда.

Айта кетейік, дзюдодан Әлем чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасымен «KAZsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыз.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

lREPccAoWbE

Елбасы «Астана» футбол клубын құттықтады

13 рет оқылды28.08.2015
biTR9BV5esI

«Астана» топтық кезеңде «Атлетико», «Галатасарай», «Бенфика» клубтарымен ойнайды

14 рет оқылды28.08.2015
3f4d1ba955c233712c125c311dce5304

Төртінші күн де қазақстандық дзюдо шеберлері үшін сәтсіз аяқталды

5 рет оқылды27.08.2015
dnTQ8TsaP7s

«Астана» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

25 рет оқылды27.08.2015
232545c325c9da0ad43072a3f2192267

Дзюдодан Әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды

20 рет оқылды26.08.2015
45ec13ff6dbc33f2be0ff8a9df84e410 (1)

Қазақстандық Дастан Ықыбаев дзюдодан Әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде есе жіберді

18 рет оқылды26.08.2015