Бүгін әнші Ринат Малцаговтың үйлену тойы өтті.
Өнер иесі Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде некесін қиды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айбек Оралханның айтуынша, әншінің некесі биылғы жылғы мешіт тізімінде 624-ші болып тіркелді.
Естеріңізге сала кетсек, Ринат Малцагов «SuperStar KZ» жобасының қатысушысы, «Перцы» тобының бұрынғы солисті ретінде елге танылды. Сондай-ақ, бірқатар отандық сериалдарға түсіп, әртістік қырынан да көрінді. Ал сері жігіттің қалыңдығы Сабина Қаликапарова 2011 жылы «Мисс Астана» сұлулық байқауының вице-миссі атанған. Ринат осыдан бір апта бұрын салт-дәстүр бойынша сүйіктісін ұзатып алған болатын.
Әншінің бүгінгі қуанышына ортақтасып, тойға барша туыстары мен өнердегі достары жиналды. Келген қонақтар ішінде Айжан Нұрмағамбетова, Нұржан Керменбаев, Ерлан Алимов болды.










Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS