Спорт

Қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы атанды

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардың үздік спортшысы екенін жария етті. Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испаншы Жезус Тортос Кабреромен айқасуда жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды.

«Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғарыға қарай ілгерілеуде. Соңғы уақыт ішінде ол қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер болып табылады және жоғары марапаттарды алуды көздеп отыр», — деп атап өтуде таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов.

Нұрсұлтан Мамаев 2010 жылғы жазғы жасөспірімдердің Олимпиялық ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылғы лондондық Олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), жазғы Универсиада және  VI Дүниежүзілік армия ойындарының жеңімпазы (2015), бірнеше дүркін жеңімпаз және халықаралық рейтингтік турнирлердің жүлдегері.  Ол ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының дарынды спортшыларының бірі. Оған отандық әскери спортты дамытуда ерекше үміт артылып отыр.

20151020120625

Пікір жазыңыз
Спорт
104 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_169750

15-жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы олимпиада чемпионы Юлия Липницкаяны басып озды

24 рет оқылды25.10.2015
img

Мағжан Шəмшідин дзюдадан əлем чемпионатында алтын медаль иеленді

47 рет оқылды24.10.2015
2015-10-24 11.58.47

Ең танымал отандық спортшылардың жары кімдер?

674 рет оқылды23.10.2015
450_562710b7eb7bf

Геннадий Головкин: «Мен Қазақстанды жақсы көремін»

339 рет оқылды22.10.2015
222f15f0837cc2bffec73b23f366ce5b

Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ

215 рет оқылды21.10.2015
илья ильин

Илья Ильин анасын қазақ тілінде құттықтады

276 рет оқылды20.10.2015