Еске сала кетейік, үшінші кезеңде Димаш британдық Queen тобының "The Show Must Go On" әнін орындайды. Тікелей эфир Hunan TV арнасында 4 ақпан күні Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.
28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "I am a Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған болатын.
Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Пікірлер