Гостиницы в Алматы
2017-01-27 12:56:43 1991 6

Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфирде көрсетілетін "I am a Singer" байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайбергенов екінші кезеңде Витастың "Опера-2" әнін орындайды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жариялаған болатын.

"Келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі әні "Опера 2"-ны шырқамақпын! Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар!" - деп жазды Димаш Құдайбергенов. 

Қайырлы кеш, Достар! "Қазақтың Витасы", "Витас сиақты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!.. Келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі әні "Опера 2"-ны шырқамақпын! Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар! Айтпақшы, келесі байқау күні 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те! Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар!#DQ #TheSingerDimash

Фото опубликовано Димаш Кудайбергенов (@kudaibergenov.dimash)

Екінші кезеңі 28 қаңтар күні Бейжің уақыты бойынша 22:05-те (Алматы уақыты бойынша 20:05) жүреді. Байқау жалпы 14 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленген болатын. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады.

Пікірлер

  • Ғайни
    Жарадың. Керемет. Алда тіл көздеп сақтасын
  • Жанат мендигул
    Керемт жақсы айтың. Бірінші кезеңдегі францус әнің күнде екі ұш мәрте тындайм Димаш саған сәттілік тілеймін
  • Салтанат
    Димаш жаным тіл көзден сақтасын.Еріксіз көзіме жас алдым. Дүние жүзін мойындатың.Алға Димаш! Сенен зор үміт күтеміз.Биік шыңдардан көріне бер.
  • Кенже
    Жарайсын казак уланы!! Орлей бер!!
  • Saule.adihan
    Димаш Сен Нагыз Талантсын! Керемет Орындадын Француз Анин.Келеси Кезенде Дал Осылай Елди Тан Калдырасын Деп Ойлаймын. Саттилик
  • Райхан
    Жаным жарқырай бер. Қазақтың мақтанышы

Пікір жазу