Әрине, жетістікке жеткен әйелдер десе, алдымен әлемдік деңгейдегі жұлдыздар ойымызға келеді. Соның ішінде, америкалық актриса, режиссёр, сценарист, фотомодель, БҰҰ-ның ерікті елшісі Анджелина Джолидің жөні бөлек. Ол әдемілігі, таланты, жетістігі, өзге де танымал тұлғалар тәрізді қайырымдылық шаралармен айналысуы арқылы тарихқа өз атын «алтын әріптермен» жазып та үлгерді. Әсіресе, «21 ғасырдың сұлулық символына» айналған Анджелинаға әлем «бақытты әйел» ретінде қызыға қарайды.
Анджелина Джоли бақытының сыры неде?
Анджелинаның өмірінде де барлық адамдар сияқты қайғылы, көңілсіз кезеңдері болған.
«Ол сондай бір уақыттар еді, ол кезде мен өмірден мағына таппайтынмын және өзімді түкке тұрғысыз адам ретінде сезінетінмін. Мұндай сезімдер көп адамдарда болатын шығар, өз-өзіңе қол салғың немесе есірткіге тұншығып, бәрін ұмытқың келеді. Өйткені сен бәрін өз бетіңше ойдан шығарып жібере алмайсың, өзіңді бақытсыз сезінесің, бірақ неліктен бұлай болғанын түсінбейсің...», – дейді Джоли.
Жетістікке жеткенмен, бақыт таппады
Танымал актриса туралы мәліметтерді қарай отырып, бүгінгі күні оны өзге жұлдыздардан ерекшелеп тұрған «бақытының» жетістікте де, табыста да жатпағанын байқаймыз. Ол бір сөзінде: «Мен үнемі таусылып жүретінмін. Менің өмірімдегі ең сұмдық кезеңдердің бірі мен табысқа, қаржылық тәуелсіздікке, махаббатқа ие болғаннан кейін келді. Сол кезде ойлаушы едім: «Олардың сөздеріне қарасам, менде бақыт үшін керектінің бәрі бар, бірақ мен бақытты болмай-ақ қойдым», – деп», – дейді.
Өмірдің өзге қырын көріп...
Бірде Анджелина Джоли «Шекараның ар жағында» («Beyond Borders») атты фильмнің сценарийін оқып, миллиондаған босқындар мен үйсіздердің сұмдыққа толы тағдырымен танысады. Бұл туралы Джоли: «Фильм авторы соғыс пен аштықтан құтқарылса деген, сол адамдармен менің жақын танысқым, олардың қалай өмір сүріп жатқанын өз көзіммен көргім келді», – деп еске алады.
Содан Анджелина бір жыл бойы БҰҰ-ның еріктілерімен бірге әлемді шарлайды. «Мен өмірден ғажап сабақ алдым және мүлдем басқа адам болдым», – дейді сол сапардан соң актриса. Ол Сьерра-Леон, Танзания, Кот-д'Ивуар, Камбоджа, Пәкістан, Намибия және Тайландтағы босқындар лагерлерінде болады. Ол жерлерде көрген сұмдықтары оның өмірге деген көзқарасын түбейгейлі өзгертті. Джоли мына әлемде өлместің күнін кешіп жүрген мыңдаған адамдардың, олардың ішінде өзі көмек қолын соза алатын жандардың да барын түсінеді.
БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша комиссары актрисаға ерікті елші болу жөнінде ұсыныс білдіргенде, ол қуана келісті. Өзінің жаңа қызметінде Джоли босқындар мен жетімдерге қайырымдылық жасау үшін қаржы жинаумен айналысты. Өзі де 3 миллион АҚШ долларын БҰҰ-ның гуманитарлық бағдарламасына салды. Актрисаның айтуынша, оның фильмдерден табатын ақшасы «шамадан тыс көп».
Камбоджада жүргенде ол Мэддокс есімді бір жасар жетімді асырап алды. 2005 жылы Эфиопияға, БҰҰ гуманитарлық миссиясымен барғанда Захара Марлиді де өз атына жаздырды. Оның жары, әйгілі Брэд Питт те бұл жетім балаларға өз фамилиясын беруге қарсы болмады. Кейіннен жұлдызды жұптың алғашқы қызы – Шайло Нувель дүниеге келіп, Вьетнамға барған олар үш жасар Пакс Тьенді де асырап алды. Ал, 2008 жылы Анжелина Нок Леон және Вивьен Маршелин есімді егіздерді дүниеге әкелді.
Осылайша, 6 баланың анасы атанған Анджелина өзін былай суреттейді: «Мен әр күн сайын өз өмірімді сүрудемін. Әр таңда ана ретінде оянамын және бұл – шын мәніндегі – мен, ең бастысы да – сол. Одан соң мен – әлемнің азаматымын және менің қоғамға пайдалы болу үшін өз үлесімді қосқым келеді. Содан соңғы болар-болмас қана үшінші бөлшегім, мен – өзім өте жасампаз деп санайтын мансабымды құруда өте жолы болған суреткермін. Алайда бұл менің әр таңда оянуымның негізі емес».
Бір сөзбен айтқанда, адам жетістікке жете салысымен бақытты болып кетпейді. Бақыт – жан-дүниенің тыныштығы. Жүрек қалауыңды түсініп, шын мәніндегі «МЕН»-іңе сай өмір сүру. Анджелина Джоли – талантты, әдемі, мықты, сонымен бірге жүрегі махаббат пен мейірімге толы жаны нәзік әйел. Ең бастысы ол өзіндегі осы қасиеттерінің бәрін танып, ұштастырып, өмірде қажетіне жарата білді. Джоли бақытының кілт,і міне, осында болса керек. ХХІ ғасырдың ғажайып әйелдерінің бірі саналатын Анджелинаның өмірлік ұстанымын оның мына сөздері де айқындайды: «Ертең сен өліп кетуің мүмкін, сонда артыңда бірқатар фильмдерің мен бір-екі марапаттарың ғана қалса – өміріңнің босқа өткені. Алайда сен мектеп салсаң, бала тәрбиелесең, әйтеуір басқа адамдардың өмірін жеңілдететін бірдеңе істесең, өзіңді-өзің жақсы сезінесің. Сенің өмірің де жақсара түседі».

Пікірлер