Гостиницы в Алматы
2017-06-01 16:54:59 19 0

Джанлуиджи Буффон 1978 жылы 28 қаңтарда Италияда дүниеге келген.

Италия құрамасы мен туриндік «Ювентус» футболшысы.

Ол 17 жасында өзінің алғашқы ойындарын «Парма» сапында бастайды. 2001 жылы туриндік «Ювентуске» ауысады. Кезінде қақпашылар үшін рекордтық 52 млн. еуроны құраған бұл трансфер дүниені дүр сілкіндірген еді. Өзінің «Делле Альпидегі» тұңғыш маусымында «Ювентус» чемпион атанып, Буффон 34 кездесуде 23 қана гол жіберіп, Италия біріншілігіндегі үздік көрсеткішке қол жеткізген.

Әлемнің үздік қақпашыларының бірі, әйгілі Дино Дзофф ізбасары – Джанлуиджи Буффон үшін бұл ойын соңғы болуы да мүмкін. Себебі, алдағы жылы қақпашы 40 жасын тойлайды. Ал бұл ойында, қақпаға қарсыластардан соққы қабылданады ма? Немесе «Ювентус» жеңіске жетеді ме? Бұл сұрақтардың жауабын маусымның 3-нен 4-не қараған түні біле аламыз.

Естеріңізге сала кетейік, Буффон осы уақытқа дейін «Чемпиондар лигасында» жеңіске жетпеген.

Пікір жазу