Гостиницы в Алматы
2017-06-02 11:00:28 18 0

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов пен паралимпиадалық чемпион Зульфия Ғабидуллинаға пәтер кілтін Тараз  қаласының әкімі Рүстем Дәулетов табыстады.

«Еліміздің «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңына сәйкес қаланың жергілікті атқарушы органы Олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етті, деп хабарлады inform.kz  Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Осы мақсатқа республикалық бюджеттен екі пәтер сатып алуға 19,8 млн теңге қаражат бөлінген.

Рүстем Дәулетовтың айтуынша, Зульфия Ғабидуллина алаңы  81,8 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер, Елдос Сметов – алаңы 61,9 шаршы метр 2-бөлмелі пәтер алды.

«Спортшыларға осындай құрмет көрсеткені, қамқорлық жасағандары үшін өзімді бақытты санаймын!   – деді Зульфия Ғабидуллина. Бүгін керемет мереке   – Балаларды қорғау күні – бізге ерекше сыйлық табыс етілді. Үлкен рахмет!».

Айта кетейік, қазақ дзюдошы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ал, Зульфия Ғабидуллина – паралимпиада  чемпионы, жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 12 дүркін рекордшысы.

Пікір жазу