Спорт

Серік Сәпиев: «Біздің команда қамығып қалды, бірақ біз еңсемізді түсірмейміз»

Куала-Лумпурға (Малайзия) Олимпиада-2022 астанасын таңдау шарасына қазақстандық делегациямен қатысқан бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматының Бейжіңнен жеңіліс тапқанына қатысты ойын айтты, — деп хабарлайдыVesti.kz.

«Әрине, бүкіл делегация қамығып қалды. Бізге дауыс бергендердің барлығы келіп, таныстырылым үшін жылы сөздерін айтып жатыр. Шын мәнінде көпшілігі Қазақстанға дауыс берген, пайыздық көрсеткіштің қандай екенін білмеймін, бірақ Бейжіңнің көрсеткіші бізден аса жоғары деп ойламаймын. Біздің команда қамығып қалды, бірақ біз еңсемізді түсірмейміз. Біз қыстық қана емес, әлі жаздық Олимпиаданы өткіземіз«, — деді Серік Сәпиев.

«Біз — жас елміз, бізге енді ғана 25 жыл толады. ХОК-тың географиялық жағынан жасаған таңдауы қызық — 2018 жылы Олимпиада Кореяда, ал 2022 жылы Қытайда өтеді. Географиялық жағдайы жағынан Алматы жақсы келеді, бірақ өтпей қалдық. Демек, Халықаралық Олимпиада комитеті солай шешті. Ештеңе етпейді. Одан әрі жұмыс істеуге ынта бар, алдымызда талай жеңіс күтіп тұр. Біреулерді Қытай сияқты бақталастан жеңілу ұят емес деген ой жұбататын шығар, дегенмен біз жеңгенде жақсы болатын еді«, — деді спортшы.

Бұл туралы және өзге де спорт жаңалықтары жөнінде Vesti.kz сайтынан оқыңыздар.

Айта кетейік, бүгін малайзиялық Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында Бейжің Олимпиада-2022 ойындарын өткізетін қала ретінде таңдалды.

Еске сала кетейік, Алматы ХОҚ-қа ресми түрде өтініш берген бірінші қала болды. Бұған дейін сарапшылар Алматы өтінімінің артықшылықтарын атады — осыған ұқсас жарыстарды өткізу тәжірибесі (2011 жылғы Азия ойындары), инфрақұрылым нысандарының 70 пайызға дайын болуы, ықшамдылығы (егер Олимпиада Алматыда болса, ол 30 шақырым радиуста өтеді, ал Бейжіңде бұл көрсеткіш жеті есеге жоғары — 200 шақырым), сонымен қатар, климаты — Алматыда Бейжіңге қарағанда қар қалың түседі.

eKw74EUtjAw

wfU3nhdzxEQ

r0FIsm16vK4

tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_63111

Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылмақ

207 рет оқылды12.08.2015
photo_59243

Зарина Дияс Торонтодағы бірінші кездесуінде ұтылып қалды

94 рет оқылды12.08.2015
7ech502hdC51fH5PWzNRO1WNMQ8wKO

Илья Ильин Бауыржан Байбекті құттықтады

175 рет оқылды11.08.2015
11868873_731425670312759_1553263155_n

Геннадий Головкин ұлттық дәстүрді құрметтейтінін тағы да дәлелдеді

386 рет оқылды08.08.2015
cozzone_shumanov_workout3440

Боксшы Бейбіт Шүменов IBO рейтингінде оныншы орынға көтерілді

72 рет оқылды08.08.2015
DUCdBuf_J5A-1010x1024

Зарина Дияс Вашингтондағы турнирде қарсыласымен кездесуден бас тартты

327 рет оқылды04.08.2015