Гостиницы в Алматы
2016-11-10 16:49:38 17 0

6 қараша күні Хэнань провинциясы Чжэнчжоу қаласында 22 жастағы Бейсен Нәсиоллаұлы WBA бойынша кәсіби бокстан жартылай орта салмақтағы (64,5 келі) Қытай чемпионы белдігін қорғады.



null 

null 

null
Қытайда боксшыны әзілдеп «One G» деп атайды және ол танымал Геннадий Головкиннің («GGG») мансабындай жетістікке жетеді деп болжауда, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

Бейсен кәсіби рингте 11 кездесу өткізіп, 10 айқаста жеңіске жеткен (5 нокаут) және біреуінде тең түскен.

2016 жылы 22 ақпанда Сычуань провинциясының Лучжоу қаласында Бейсен Нәсиоллаұлы Ганадан келген қарсыласын жеңіп, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы (WBC World Youth Champion) атағын алды. Бұл атағын 2016 жылы 29 сәуірде Чунцин қаласында филиппиндік қарсыласын жеңіп, растады. 2016 жылы 10 қыркүйекте Шанхай қаласында ол WBA бойынша Қытай чемпионы атанды. 2016 жылы 17 желтоқсанда Чжэцзян провинциясы Ханчжоу қаласында WBA ересектер арасында Азия чемпионы атағы үшін 31 жастағы австралиялық боксшымен кездеседі.



 

null  

«Мен Шыңжаң Іле-Қазақ автономиялық ауданы, Алтай өлкесі, Қаба уезі, Сартам ауылында дүниеге келдім. 2010 жылы кәсіби бокспен айналысатын жайлы жер іздеп, Қытайдың ішкі провинцияларын араладым. Қазір ҚХР Хэнань провинциясы Чжэнчжоу қаласындағы «Боксшылар достығы клубында» жаттығамын. Мен әр уақытта АҚШ, Филиппин (Баринсон Голас) мамандарынан сабақ алдым. Боксшы Мэнни Пакьяоның бапкері 2-3 ай өз тәжірибесімен бөлісті. Жақын күндері Айлань есімді филиппиндік бапкермен жаттығуды бастаймын, ол бұрын да мені жаттықтырған», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта.

Жігіт өзінің алғашқы бапкері Қаба қаласындағы Мұрат Бошайұлына алғыс білдірді. «Мұрат аға менің алғашқы ұстазым, маған бокс әлемінің есігін ашқан адам. Ол Қанат Ислам мен менің құрдасым Елшат Нығматулланың да алғашқы бапкері. Қазір ол Шыңжаңда баяғыдай балаларға тәлім беріп жүр», - деді Б.Нәсиоллаұлы.



null 

null  

Боксшы қазақстандық боксшылардың айқастарын үнемі бақылап жүретінін, олардың техникасы мен жұдырықтасу мәнеріне еліктейтінін атап өтті. «Мен Жанқош Тұраров пен Қанат Исламның кездесулерін тікелей эфирде көрдім. Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектерін үнемі зерделеп жүремін, олардан үйренерім көп. Мен Қытай азаматы болсам да, бойымда қазақтың қаны ағып тұр, мен әрқашан өз халқымды танытқым келеді және рингке қазақ домбырасының үнімен, шапан киіп шығамын», - деді чемпион. 

Пікір жазу