ҚазАқпараттың айтуынша, сенатор: «Ұлттық спорт ол біздің ұлтымыздың коды екендігін естен шығармауға тиіспіз. Мына бір мәселе мені қатты алаңдатады. Өткен жылғы Қазақстанның тоғызқұмалақтан балалар, жасөсіпірімдер, ересектер арасындағы чемпионы кім екендігін білмеймін. Жарнама жоқ. Аударыспақтың чемпионы кім? Білмеймін. Көкпардан қай облыстың командасы чемпион? Оны тағы да білмейміз. Телевизордан көретініміз Тен, Головкин, болды, соларды ғана насихаттау. Елімізде шығып жатқан чемпиондарды неге насихаттамаймыз. Мысалы, ауылдың қара домалақ баласы тоғызқұмалақтан Республика чемпионы болып келеді. Онымен ешкімнің шаруасы жоқ. Ата-анасы ұялғаннан бір шәугім шай береді де сонымен ол чемпион ауылда қалады. Неге оны насихаттамаймыз?»- деп атап өткен.
Ал, сіз осы сөздермен келісесіз бе? Ұлттық спортты дамыту үшін қалай жасаған жөн? Өз ойыңызды қоса кетіңіз, құрметті оқырман.