Гостиницы в Алматы
2017-04-22 17:07:20 104 0

«Қазақфильм» киностудиясында өндірілген Асқар Ұзабаевтың «Жол» фильмі 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында Ресейде өткен «Красногорский» халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысып, «Үздік сюжет» номинациясы бойынша жеңіске жетті деп хабарлайды baistars.kz

Baq.kz сайтының хабарлауынша, фильм ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

 «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Жол» фильмінің түсірілімі Алматы қаласында өткен. Түсірілім жұмыстарының бір бөлігі қаладағы «Барахолка» аталып кеткен базарда түсірілсе, жаттығу жұмыстары бейнеленген көріністер Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спорт залында түсірілген. Фильмдегі басты рөлді «G.H.A.D» музыкалық тобының әншісі, жас актер Назар Шархан сомдаған. Ал бас кейіпкердің сүйіктісінің рөлінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Динара Жұмағалиева ойнаған. Ал картина барысындағы ең жағымсыз кейіпкердің бейнесіне ҚР Еңбек сіңірген артисі Димаш Ахимов («Соңғы асу», «Примите Адама!»).

Сонымен қатар фильмде жаттықтырушының рөлін - ҚР Еңбек сіңірген актері Ерік Жолжақсынов, Темірланның әкесінің рөлін – Ержан Түсіпов («Сіз кімсіз Ка мырза?») ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы фестиваль бағдарламасына 100-ге жуық спорт туралы кинотуындылар түскен болатын. Фестивальге қатысу үшін таңдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдер 15 елден ұсынылған. Олардың арасында Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова және т.б. бар.

Пікір жазу