Гостиницы в Алматы
2017-04-23 21:56:47 157 0

«Брюссельде жас пианиношылардың «Merci, Maestro!» халықаралық байқауы өтті.  Оның нәтижесі бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәлі Бикенов «Ең жас орындаушы» номинациясында лауреат атанды», - деп хабарлайды baistars.kz

«20-23 сәуір күндері өткен шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға 28 мемлекеттен 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын қатысты. Бәсеке іріктеу кезеңі мен финалдан тұрды»,- деп мәлімдейді inform.kz тілшісі. Бірінші кезеңде жеті жасар Биәлі Бикенов И.Бахтың «Шағын кіріспесін» («Маленькая прелюдия»), М. Мошковскидің «№5-інші Этюдін» және Ғ.Жұбанованың «Аңызын» орындаған. Ал ақтық сында Д.Кабалевскийдің «Сайқымазақтарын» және Л.В.Бетховеннің сонаталарының бірін ұсынған.

Пікір жазу