Гостиницы в Алматы
2016-11-10 17:42:02 12 0

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» братиславалық «Слован» командасымен кездеседі. Ойын «Барыс Аренада» өтпек.

Елордалық хоккей клубы Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 34 ұпайымен 9-шы орында болса, словакиялық ұжым «Батыста» 35 ұпайымен 12-ші орында келе жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұл матчты тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі. Трансляция басталуы 19:20-да.

Жеңіске бірге жетейік!

Пікір жазу