Қазақ кино өнерінің майталманы, режиссер Сатыбалды Нарымбетов қазіргі кинематография, өмірі мен ұстанымдары туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында режиссер бүгінгі кино әлеміне қатысты өз ой-пікірін білдірді. Режиссер әдебиетте жүріп, киноға не себепті ойысқанын да түсіндірді. Ол:
"Иә, кезінде тек әдебиетпен шұғылданғанмын. Кейін «қысылғаннан қыз болдым» – киноға арнап, бір-екі режиссерге сценарий жазғанмын. Шеберліктеріне шегім жоқ, дегенмен, экрандарына қарап қарным ашып, әбіржіп кеттім. Сонсоң да ғой, «өз қотырымды өзім қасығаным артық» деп режиссураға келгенім. Мәселен деп айтайық, Тұрсынжанның «Дариға дәуренін» Рамазан Стамғазиевтен, қырғыздардың «Жаңбыр төктісін» Гауһар Қаспақовадан басқа әншілер айтса, өзімнен өзім ыңғайсыздана бастаймын… Ал айтар ойды жеткізуде екеуі де оңтайлы. Әдісі әртүрлі демесең… Тек, әдебиеттен гөрі, қазір бәрімізге аян, кітап оқушы жұрттың саны күрт азайып кетті, ал киноның аудиториясы кең. Санаға тез сіңетін қасиеті тағы бар. Қазір қаншама кітаптар, жақсы кітаптар жатыр кітапханада шаң басып. Жұрт оқуға енжар, керісінше, киноға қағылез! Классикамыздан бастап, кешегі – Асқар Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев, қазіргі Дулат, Тынымбай, Смағұл, Төлен, т.б. жазушылар бар. Менің кинодағы әріптес інілерім қазақ әдебиетін білмейді. Оларға өкпем орасан…"-деді.
С.Нарымбетов әдебиет шығармаларын экрандаудағы негізі принциптерін айтты. Бірінші принципі шығарма экранға жарай ма, жоқ па соны анықтап алу. Екінші, кино түсіруде жазушының стилін бұзбай негізгі ойды жеткізу. Ол: "Менің принципімнің ең бастысы көрерменге өз ойымды күштеп таңу емес, соңында көп нүкте қойып, ойланар сұрақ тастағым келеді. Григорий Данелияның: «Экранның арғы жағынан режиссердің басы қылтиып, көрініп тұрмауы керек», деген сөзі бар. Таза режиссерлік кино бар. Мысалы, Андрей Тарковскийдің, Федерико Феллинидің, Луис Бюнуэльдің фильмдері. Оларда режиссердің қолы сезіледі. Менің принципім неғұрлым қарапайым, яғни кейбір көргендерімді көбелек қуып жүріп ұстап алғандай етіп бейнелеу. Көрермен фильмді экраннан көргенде: «Ой, мынаны мен де түсіре аламын», дейтін болса. Ал содан кейін түсіріп көрсін. Көрерменге көп нәрсені ашық айтпай, ұшын ұстатып, ар жағынан қанаттандыру керек"-деді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетов «Мұстафа Шоқай», «Аманат» сияқты халықтың көңілінен шыққан фильмдерді түсірген.
Сұхбаттың толық нұсқасы Егемен Қазақстан газетінен оқи аласыздар