Гостиницы в Алматы
2017-10-18 18:03:07 8 0

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық атағын қорғау үшін Лас-Вегасқа келді.

Ойын-сауықтың ғана емес, кәсіпқой бокстың да ордасы саналатын Лас-Вегаста Астана уақытымен жексенбі күні таңертең Golden Boy Promotion компаниясының ұйымдастыруымен ғажайып жекпе-жек кеші өтеді. Соның бірінде шаршы алаңға жерлесіміз Бекман Сойлыбаев шығып, мексикалық Фернандо Варгасқа қарсы айқаста екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық атағын қорғайды. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.  Бұл жайында vesti.kz сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман Сойлыбаев пен мексикалық Фернандо Варгас арасындағы жекпе-жекті ESPN телеарнасы арқылы әлемнің 200 елі тамашалайды. Ал Қазақстанда аталмыш айқасты «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Бұл жерлесіміздің кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегі болмақ.

Пікір жазу