Гостиницы в Алматы
2017-10-11 12:23:32 40 0

«БАЛУАН ШОЛАҚ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМДЕРІ АЯҚТАЛДЫ

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Балуан Шолақ» көркем фильмінің түсірілімдері аяқталды. Фильм - режиссер Нұргелді Садығұловтың көркем фильмдегі алғашқы қадамы.

Қазіргі таңда фильмнің монтаждау кезеңі жүріп жатыр. Аталмыш тарихи туынды әнші және композитор, аты аңызға айналған балуан Балуан Шолақ туралы баяндайды.

Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы, Павлодар қаласы және Бурабайда өткен. Алматы облысы Кеген және Жалаңаш ауылдарында фильмнің негізгі бөлігі түсірілген. Көпшілік сахналарға үш жүзге жуық адам қатысқан.

Айта кетейік, фильмге екі бірдей трейлер және екі саундтрек әзірленіп жатыр. Шығармашылық топ оларды жақын арада көрермен назарына ұсынады. Фильм жылдың соңында жарық көреді деп жоспарлануда.

Пікір жазу