Гостиницы в Алматы
2017-10-04 16:29:18 63 0

АҚАН САТАЕВ “ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ. ӘЛЕМ ЭПИЦЕНТРІНДЕ” ФИЛЬМІН ТҮСІРМЕК

Отандық «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінің түсірілімі басталады. Бұл жайында zhambylnews.kz хабарлады.

Ақан Сатаевтың айтуынша, түсірілім Астанада басталмақ.

«Түсірілім жақында Астанада басталады. Өтіп бара жатқан болмыс туралы түсіреміз. Картинаға толыққанды кірісіп жатырмыз, кәсіби топ жиналды. Грим үшін Лондоннан келген екі мәрте Оскар алған маман Марк Кульер жауапты болмақ. Картинада 1994-1998 ж.ж. аралығындағы оқиға көрсетіледі, яғни Елбасымыздың астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру кезеңін бейнелейді», – деп бөлісті ол.

Режиссердің айтуынша, актерлік құрам бекітіліп қойылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты актер Берік Айтжанов сомдайды.

Айта кетейік, «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» – Қазақстан президенті туралы кинокезеңнің алтыншы фильмі. Алғашқы төрт бөліміне Рүстем Әбдірашев режиссерлік еткен, ал «Жұлдыздар тоғысқанда» бесінші эпизодын ресейлік қоюшы Сергей Снежкин түсірген.

Пікір жазу