Гостиницы в Алматы
2016-11-12 22:13:00 123 0

Қазақстандық ару Miss World Beauty-2016 байқауында жеңіске жетті

Miss World Beauty-2016 тәжін Семей қаласының тұрғыны 20 жастағы Назым Кұмарова жеңіп алып, фестивальдің бас жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеңіс тәжін Назым Құмароваға Пьер Карденның мұрагері әрі жиені, байқауда қазылар алқасының төрағасы болған - Родриго Базиликати тақты. Айта кетейік, тәж 1,5 келіге тартады және Swarovski тастарымен безендірілген. World Beauty байқауы тарихта алғаш рет ТМД елдерінің бірінде, яғни Қазақстанда өткен. Астанаға әлемнің 20 елінен жиналған 120 қатысушы келген.

5 күннің қорытындысы бойынша бас жүлде Семейден келген студент қызға бұйырды. Қазір Назым қайта оқуына оралды. Ол болашақ физик-зертеуші екен. Алайда бұл жеңістен кейін оның жоспарлары өзгерді. "Мен осыған дейін мұндай байқауларға қатысқан емеспін. Әрине, жеңіске жетемін деп ойламадым да. Мен жаңа асуларды асып, өзімнің мүмкіндіктерімді тексергенді ұнатамын. Бұл байқау өзімді жаңа салада тануға мүмкіндік берді. Енді мен өзімді осы салада көргім келеді. Ал оқуымды бірге алып жүремін", - дейді Назым.

Сонымен қатар, Назым Семейдегі "Гүл-Сымбат" сән театрының моделі екен. Ол жеңіс тәжімен қоса, Мәскеуде 2017 жылдың наурыз айында өтетін сән апталығына және жазда Парижде өтетін сән фестиваліне қатысуға сертификат алды. Айта кетейік, World Beauty Astana 2016 Гранд-финал байқауының аясында Назымда Пьер Карденның жаңа топтамасын көруге мүмкіндік туды.

Еске сала кетейік, осыған дейін семейлік екі оқушы қыздың әйгілі кутюрьенің супермодельер титулын иеленгені хабарланған болатын. Ендігіде қыздар Парижде өтетін сәні апталығына қатысуға дайындалып жатыр.

Пікір жазу