Гостиницы в Алматы
2017-05-02 10:57:41 37 0

«Қарты бардың қазынасы бар»,- деп жатады ел арасында. Бірақ, сол сөздің мағынасына жете мән беретіндер қалды ма арамызда? Қарттықтың ауылына жеткеніңде, келін – би, бала-күйік болса... Қойылымда жақындары бола тұра, өз үйіне сыймаған қарияның тағдыры баяндалады.  Бүгін, М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан18:30-да «Жүрейік жүрек ауыртпай» қойылымын тамашалай аласыздар.

Әке, бала, келін, немере. Әрқайсысы өзінше бір әлем. Ұрпақ жалғастығы, жарасым, яғни үлкенге құрмет, кішіге ізет, имандылық, қанағат болса, бақ бақыт қонуы тиіс-ақ отбасы еді. Олай болмады… Ата-бабадан қалған ескі қонысты сату не деген сұмдық деп қапаланып жүргенде ұлы мен келіні тағы бір өнер шығарып қарияны қарттар үйіне жіберді. Бала неге қатыгез? Қоғам неге қатыгез? Рухани азғындаудың  түп-тамыры қайдан?

Қойылымның авторы: Б.Жәкиев

Аудармасы: Ә.Сығай

Жанр: Драма

Пікір жазу